Accessibility links

Қырғызстан билігі өз азаматтарын Ресейге бармауға шақырды


Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі.
Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарына ерекше жағдай болмаса, Ресейге бармай тұруға шақырды.

СІМ 2 мамырда жариялаған мәлімдемесінде Қырғызстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдіктеріне қырғыз азаматтарының жаппай Ресей аумағына кіргізілмей жатқаны жөнінде ешқандай шағымдар түспегенін атап өткен.

Министрлік "Ресейге баруға шұғыл себеп болмаса, қазір қауіпсіздік шаралары күшейіп тұрған кезде, бұл елге бармауды ұсынады" деп жазды мәлімдемесінде.

Осыған дейін Тәжікстанның СІМ де азаматтарына осыған ұқсас үндеу жасап, Мәскеу әуежайында тәжік азаматтарын Ресейге кіргізбей жатқанын хабарлаған.

Ресейде жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары "Крокус сити холдағы" терактіден кейін ксенофобияның жаңа толқынына тап болып жатқанын айтып келеді. Онда ұсталып жатқандардың көбі Тәжікстан азаматтары екені хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG