Accessibility links

Нигерде Ресей әскері америкалықтар орналасқан базаға кірді


Елден АҚШ әскерін әкетуді талап етіп тұрған наразылар. Ниамей. 24 сәуір 2024 жыл.
Елден АҚШ әскерін әкетуді талап етіп тұрған наразылар. Ниамей. 24 сәуір 2024 жыл.

Нигерде ресейлік әскерилер Америка әскері орналасқан базаға кірді. Бұл жөнінде АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкіліне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Мұның алдында Нигердегі хунта Америка әскерін елден шығару туралы шешім шығарған.

Нигердің әскери басшылары АҚШ-тан шамамен мың әскери қызметкерін елден әкетуді талап еткен. Былтырғы төңкеріске дейін АҚШ көтерілісшілермен күресте Нигердің басты әріптесі болған.

Мемлекеттік төңкерістен кейін АҚШ пен оның одақтастары бірқатар Африка елінен әскерін әкетуге мәжбүр болған. Билікке батыс үкіметтерінен алшақтығысы келетін топтар келген.

Кейінгі күндері Америка әскері Чадтан да шығарылған. Ал француз әскері Мали мен Буркина-Фасодан қуылған.

Ал Ресей Африка елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға күш салып жатыр. Мәскеу өзін достық пейілдегі ел ретінде көрсетуге тырысып жатыр деп жазды Reuters.

Мысалы, Мали кейінгі жылдары Ресейдің Африкадағы одақтастарына айналған. Көтерілісші жихадшылармен күресу үшін ол жаққа "Вагнер" күштері жіберілген.

АҚШ-тың Украинаға әскери және қаржылай қолдауына байланысты Ресей АҚШ-пен қатынасы "нөлден төмен" түсіп кеткенін айтқан.

XS
SM
MD
LG