3 мамыр – Халықаралық баспасөз еркіндігі күні қарсаңында Азаттық Мичиган штаты университетінің профессоры Эрик Фридманмен сөйлесіп, демократия орнаған және орнамаған елдердегі журналистиканың ерекшеліктерін талқылады.
"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Астанадағы тергеу изоляторында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен қала прокуроры және Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылары бірлесіп жәбірленушілерді азаптайтын арнайы дәліз ашқан. Ақмола әскери гарнизоны соты азаптау туралы істен соң осындай тұжырым жасады. Судья Қазақстан Конситиуциясы мен заңына қайшы әрекетті тексеруді бас прокуратураға жүктеп, арнайы ұйғарым шығарды.
Франция Қазақстанды шынымен Ресейдің "артқы ауласы" деп есептей ме? Париж Мұхтар Әблязовтің экстрадициясына неге араласпайды? Француз әйелдері аборт жасатуға құқығын Конституцияға қалай енгізді? Жандармдар қай кезде наразыларға оқ ата алады? Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс Азаттықтың осы және өзге сұрақтарына жауап берді.
Қаңтар оқиғасынан соң "әуежайға шабуыл жасады" деген айыппен сотталып, түрмеде отырған Әйгерім Тілеужанның үстінен тағы іс қозғалды. Бұған сотталушылардың бірімен арадағы жанжал себеп болған. Билікті сынап жүрген, қазір қамауда жазасын өтеп жатқан Тимур Дәнебаев та камералас адаммен жанжалдасқан.
Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыдағы абақтыда отырған азаматтық белсенді Досжан Қуаныштың әкімшілік қамау мерзімі 7 күнге ұзарды. Анасының сөзінше камерада біреумен жанжалдасқан. Оқиғаны ішкі істер министрі де растады
Астанада бірнеше белсенді әкімшілік қамауға алынды. Билік оларды оппозиция қарсылық акциясы өтеді деп белгілеген күнге жеткізбей жазалады.
Қарақалпақтар 2000-жылдардың басынан Өзбекстаннан көрші елдерге жұмыс іздеп жиі шыға бастаған. Қазақстанда тұрақтап қалғандары да бар. Олар қарақалпақ тілі мен мәдениетін дәріптеп, кейде қоғамдық-саяси мәселелерді де талқылаған. Өзбекстан билігі сынға төзбей, оларға қысым жасауға тырысады.
Алматыда "билікті басып алмақ болған" деген айып тағылған жеті адамның айыбы толығымен дәлелденді деген тергеу тарабының байламымен үндесетін үкім шығарды: үш адамды 6 жылға, үшеуін 5 жылға бостандығынан айырды. Олар тағылған айыпты жоққа шығарды. Кінәсін мойындаған бір адамға сот шартты жаза берді.
Тағы